1. азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметіне тыйым салу;
2. ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютер клубтары, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, аттракциондар, балалардың ойын алаңдары, батуттар және басқалары), кинотеатрлардың қызметіне тыйым салу;
3. барлық мәдениет нысандардың (театрлар, концерт залдары, мұражайлар, көрмелер және т.б.) қызметіне тыйым салу;
4. cпа-орталықтардың, жаттығу залдарының, фитнес-орталықтардың, спорттық-сауықтыру орталықтарының, бассейндердің, қоғамдық моншалардың, сауналардың, сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондардың қызметіне, маникюр мен педикюр қызметтеріне, қалалық және қоғамдық жағажайлардың, ашық аквапарктердің қызметіне тыйым салу;
5. жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларының қызметіне тыйым салу;
6. фудкорттардың, банкет залдарының қызметіне тыйым салу;
7. азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (ғимараттардан тыс) қызметі күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық тәртіпке сәйкес рұқсат беру;
8. күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық тәртіпті сақтай отырып, ұжымдық іс-шараларды өткізбестен, залда 30 орыннан аспайтын орындарда, ашық ауада және үйде қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне рұқсат беру.